Елімізде 118 мың бала емізетін ана вакцина салдырған
Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда.
Алматы, NEGE. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сүйенсек, 12 наурыздағы жағдайы бойынша, «Pfizer» препаратының І дозасын 902 403 адам, ІІ дозасын 699 147 адам салдырды.
Оның ішінде:
І компонентімен - жасөспірімдер – 747 081, - жүкті әйелдер – 34 157, - бала емізетін әйелдер – 118 177.
ІІ компонентімен - жасөспірімдер – 584 486, - жүкті әйелдер – 25 943, - бала емізетін әйелдер – 88 650.