15 июля 2020 г. 17:58

Елімізде 1066,0 мың шаршы шақырым жерде оба ошағы бар

Фото:
Қазақстандағы обаның табиғи ошағы 1066,0 мың шаршы шақырымды құрайды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.


Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының аумағында обаның табиғи ошақтары бар, олардың жалпы аумағы 1066,0 мың шаршы шақырымды құрайды», - делінген ҚазТАГ сауалына берілген жауапта.
Бұл ретте атап өтілгендей, «Қазақстан Республикасының аумағында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды және обаның табиғи ошақтарының эпизоотиялық жағдайына мониторинг жұмыстарын обаға қарсы мекемелер – ҚР ДСМ Алматы қаласы «М. Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК және оның тоғыз филиалы жүзеге асырады.
Бұған дейін БАҚ-тар хабарлағандай, Моңғолияда жасөспірімнің без обасынан қайтыс болу жағдайы тркелген еді, тағы екі адам ауыр халде жатыр. Алдын-ала болжам бойынша олар суыр етін жеген. Науқастардың бірі ауырғаннан кейін 40 адаммен тікелей байланыста болса, 600-і әлеуетті байланыста болғандар. 29 маусымда Моңғолиядағы Ховд аймағының екі ауданында карантин енгізілген. Сонымен қатар оба жұқтыру дерегі Қытайда да тіркеліп отыр.

Тегтер: