Еліміз «KazSat-2R» жобасынан бас тартты

Байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ҚР Президенті қабылдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бағдат Мусин Мемлекет басшысына қазақстандық «KazSat» байланыс серігінің жүйесін дамыту жөнінде баяндады. Атап айтқанда инновациялық шешімдердің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды