Еліміз бойынша 11 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміздегі 2023 жылғы 11 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды

.

Алматы, NEGE."Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан Республикасының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар)  түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түседі деп болжанды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз 1 3°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2 4°С, күндіз 7 9°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 3°С, күндіз 12 14°С.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды