Елге оралған Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты Алматы әуежайында жанкүйерлері күтіп алды

Дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев елге оралды.

Tengrinews

Алматы, NEGE. Естеріңізге салсақ, Парижде өтіп жатқан Олимпия ойындарында барша Қазақстандықтар тарихи жеңістің куәсі болды. Дзюдодан екі бірдей қандасымыз жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жекелей сында 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз Елдос елімізге Париж Олимпиадасының алғашқы алтынын сыйлады.

Ал, 66 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз Ғұсман Қырғызбаев үздік үштікті түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Ақтөбеде қоқыс маңынан пакетке салынған нәресте табылды