Елеусінов қашан рингке шығады?

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың (10-0, 6 КО) промоутері Эдди Хирн клиентінің қашан рингке оралатынын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz порталы.

Алматы, NEGE. «Данияр осыған дейінгі жекпе-жегінде Индонгомен жақсы айқасып, жеңіске жетті. Ол дайын (үлкен жекпе-жектерге). Бұл жігіт 147 фунтта шығып жүрген кез келген боксшы үшін үлкен мәселеге айналады. Қазірдің өзінде үлкен қадамдар жасап жатқанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ол сәуірде рингке оралады», - деді Хирн. 

Әзірге Елеусіновтың қарсыласы белгісіз.

 Еске сала кетсек, қарашада Данияр екінші раундта намибиялық боксшы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?