23 сентября 2023 г. 19:36

Елена Рыбакинаның Токио турниріндегі қарсыласы анықталды

Фото:

Әлемнің 5-ші ракеткасы Елена Рыбакинаның Токиодағы қарсыласы кім?

Алматы, NEGE. Токио қаласында 25 қыркүйек – 1 қазан аралығында өтетін WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 5-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 41-орында тұрған Чехияның жас жұлдызы, 18 жастағы Линда Носковамен өткізеді.

Одан өтсе, қазақстандық теннисші екінші айналымда хорватиялық Донна Векич немесе ресейлік Анастасия Павлюченкованың біреуімен кездеседі.

Додада бірінші болып тіркелген «Үлкен дулыға» турнирінің төрт мәрте чемпионы, Польша өкілі Ига Швентек пен дүниежүзілік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Джессика Пегула турнирді екінші айналымнан бастайды.

Егер Токио төрінде сәтті өнер көрсетсе, Е.Рыбакина жақсы табыс табумен қатар рейтингте де қайтадан жоғары көтеріле алады.

Қазіргі кезде Токио жарысының іріктеу сайыстары өтуде.

Тегтер: