Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы белгілі болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалындағы қарсыласы анықталды, деп жазды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Жартылай финалда әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова мен дүниежүзілік рейтингіде 74-орында тұрған румыниялық Сорана Кырстя шеберлік байқасты.

Бірінші партияда румыниялық теннисші 5:2 есебімен алда тұрғанымен, қатарынан бес геймде ұтылып қалды – 7:5.

Екінші сетте чехиялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті. 1 сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында П. Квитова 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алған жоқ.

Осылайша, Майами мастерс жарысының финалында Елена Рыбакина мен Петра Квитова бас жүлдені сарапқа салатын болды. Олар бұған дейін екі рет кездескен, есеп – 1:1. Өткен жылы Острава (Чехия) додасында қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түссе, биыл Аделаида 2 (Аустралия) турнирінде П. Квитова қарымта қайырды – 6:3, 7:5.

Финалдық матч бүгін түнде өтеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды