Елена Рыбакина жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған Е.Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 124-сатыда тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен сәтті өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 6:4.

Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина жүлде қоры 1,7 млн АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингіде 44-орындағы америкалық Слоан Стивенспен таласады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады