Елена Рыбакина WTA турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (әлемнің 23-ракеткасы) Сан-Хоседе (Калифорния, АҚШ) өтіп жатқан WTA турнирінің жекелей сынында өз өнерін аяқтады.

Алматы, NEGE. Бірінші айналымда "Уимблдон-2022" жеңімпазы ресейлік Дарья Касаткинаға (әлемнің 12-ракеткасы) есе жіберді. Кездесу үш сетке созылып, 6:1, 2:6, 0:6 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта бір сағат қырық үш минут уақыт өткізді.

Осы уақыт ішінде Рыбакина төрт эйс жасап, үш қос қателік жіберді және сегіз ойыннан үш брейк-поинт қолданды. Келесі айналымда Дарья Касаткина америкалық Тейлор Таунсендпен (әлемнің 316-ракеткасы) ойнайды.

Айта кетейік, бұл Елена Рыбакина үшін Уимблдон турнирінде жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы кездесу болды. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды