Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына мерзімінен бұрын шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты.

Алматы, NEGE. Ойын 4: 1 есебімен бірінші сетте отандасымыздың пайдасына шешілді. Бразилиялық теннисші жарақат алып тайм-аут алды. Қайта ойынды жалғастырғанымен ол көпке бара алмады.

Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен таласады.