Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE.Ол "Үлкен Дулыға" сериясындағы турнирдің жекелей сынында финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Жартылай финалда WTA рейтингінде 23-орында тұрған Рыбакина 18-орындағы румыниялық Симона Халеппен кездесті.  

37 минутқа созылған бірінші сетте Рыбакина 6:3 есебімен жеңді. Бұл сетте қазақстандық теннисші бір брейк жасады. Екінші сетте де Елена 6:3 есебімен жеңді. Осылайша Рыбакина финалға шықты. 

Енді Уимблдон турнирінің финалында отандасымыз әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Өз кезегінде тунистік теннисші жартылай финалда Татьяна Марияны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды