Елена Рыбакина Монреальдағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен ойнады.

Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6(10:8) есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалда ресейлік тағы бір теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр