Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің тұңғыш рет жартылай финалына шықты.

Алматы, NEGE. Ол ширек финалда әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңді.

Елена финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен немесе рейтингте 83-сатыдағы Сорана Кырстямен бақ сынасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды