Елена Рыбакина Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды

Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы атанды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші спорттық мансабында алғаш рет белорусиялық Арина Соболенконы ұтып, Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Е.Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11).

Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. А.Соболенко 4 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды