Елена Рыбакина Дубайдағы командалық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен World Tennis League (WTL) командалық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина «Қаршығалар» (Hawks) тобында өнер көрсетті.

Бұл топта сондай-ақ Александр Зверев, Доминик Тим және Анастасия Павлюченкова ойнады.

Жарыс барысында қазақстандық теннисші қарсыластарының бәрін де ұтты. Соның ішінде әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Свентек те бар.

Енді Елена Рыбакина жаңа жылдағы додаларға қатысу үшін Аустралияға жол тартады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды