Елена Рыбакина Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты.

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.

Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен шеберлік байқасты. Петра Квитова – 2011 жылы Уимблдонда үздік шығып, дүниежүзілік рейтингте 2-орынға дейін көтерілген тәжірибелі теннисші. Ал Рыбакинаның биыл Уимблдон жарысында топ жарғаны белгілі. Бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте сәттірек ойнады – 7:6 (7:5).

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасап, сосын өз геймін де алды – 5:3. Содан кейін бірінші матчболын құр жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағатқа созылған тартысты матчта Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір чехиялық Барбора Крейчиковамен таласады. Ол ширек финалда рейтингте 144-сатыдағы америкалық Алисия Парксті сүріндірді – 7:6 (9:7), 6:3.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды