Елена Рыбакина Чехияда әлемнің 17-ракеткасын жеңді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Острава (Чехия) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізді. Биыл АҚШ-тағы Цинциннати жарысында М. Киз Еленаны 6:2, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда америкалық спортшы басымдылық танытты - 7:5. Есесіне екінші сетте Е. Рыбакина ойын тізгінін өз қолына алды - 6:3. Содан кейін үшінші, шешуші партияда да Кизді тығырыққа тірей білді - 6:3. Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Елена 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Е. Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 16-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 31-сатыдағы Беларусь өкілі Александра Сасновичтің біреуімен таласады. Жүлде қоры 611 210 еуроға бағаланған жарыс 9 қазанда мәреге жетеді.

Айта кету керек, Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде бір сатыға төмендеп қалған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды