Елена Рыбакина алғаш рет Майами мастерс турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизаннан басым түсті. Есеп – 6:3,6:0.
Алматы, NEGE. Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 10 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін өз пайдасына жазды. Қарсыласы 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) ғана көзге түсті.
Осылайша, қазақстандық спортшы биыл қатарынан 12-інші жеңісіне қол жеткізді.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе рейтингте 26-сатыдағы ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.