Елена Рыбакина Аделаида жарысының финалында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида 2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге финалда бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тейлор Таунсендпен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-ресейлік жұп 5:7, 6:7 (3:7) есебімен есе жіберді.

Финалға дейін жеткені үшін Елена мен Анастасия 305 рейтингілік ұпайға ие болып, 24 300 АҚШ доллары көлемінде табыс тапты.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды