Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Қазақстандық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина табанындағы жарақатына байланысты Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды.

lenarybakina/instagram.com

Астана, NEGE. Жарыс ұйымдастырушылары Рыбакинаның турнирден шет қалғанын ресми мәлімдеді.

Рыбакинаның өзі де жарыстан мәжбүрлі түрде бас тартуына байланысты жанкүйерлеріне үндеу жасады.

«Менің ойынымды асыға күткен жанкүйерлер үшін өте өкінішті. Емделіп, қалпыма келу үшін біраз уақыт қажет болады. Түсіністік танытып, үнемі қолдау білдіріп келе жатқандарыңыз үшін рақмет. Келесі жылы кездескенше», – деді Рыбакина.

3 қазанда әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесіндегі алғашқы матчында қазақстандық теннисші күтпеген жерден әлемнің 118-ракеткасы Алина Чараевадан жеңіліп қалды. Ол China Open турнирінің екінші кезеңінде 6:3, 4:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Бұған дейін де Рыбакинаны аяғындағы жарақат мазалаған. Тамыз айында сол жарақатына байланысты Цинциннатидегі матчты аяқтай алмаған еді.