Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті.

Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады