25 мая 2025 г. 18:12

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде үздік сегіздікке енді

Фото: olympic.kz

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей сында жаңартылған чемпиондық кестені жария етті. 

Алматы, NEGE. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA 500 турнирінде жеңімпаз атанғаннан кейін чемпиондық кестеде 13-тен бірден 8-орынға көтерілді. Чемпиондық кестеде Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастаса, биылғы Аустралия чемпионатының жеңімпазы, америкалық Мэдисон Киз екінші, ресейлік Мирра Андреева үшінші сатыда тұр.

WTA чемпиондық кестесі, 25 мамыр:

1 (1). Арина Соболенко (Беларусь) — 5120 ұпай.
2 (2). Мэдисон Киз (АҚШ) — 3349.
3 (3). Мирра Андреева (Ресей) — 3055.
4 (4). Ига Швентек (Польша) — 2878.
5 (6). Кори Гауфф (АҚШ) — 2598.
6 (5). Джессика Пегула (АҚШ) — 2548.
7 (16). Жасмин Паолини (Италия) — 2230.
8 (13). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 1950.
9 (8). Элина Свитолина (Украина) — 1751.
10 (9). Эмма Наварро (АҚШ) — 1650.

Жыл соңына қарай үздік сегіздікке кірген теннисшілер WTA қорытынды турниріне қатысады.
Елена Рыбакина сонымен қатар әлемдік рейтингіде 12-ден 11-орынға көтерілді.

Бүгін Парижде екі аптаға созылатын Ролан Гаррос ойындары басталды. Осы «Үлкен дулыға» додасында сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисшілер рейтингідегі жағдайын жақсарта алады.