Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келе жатыр

Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде екінші орында келеді, деп жазады федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар.

Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр. Әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.

Өткен аптада Елена Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Соболенкоға жол берген еді.

Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?