Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол үшінші айналымда әлемнің оныншы ракеткасы Паула Бадосамен кездесті. 25 жастағы қазақстандық спортшы 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.

Екінші сеттегі тай-брейкте Елена 3:6 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп кетті.

Айта кетейік, Рыбакина ширек финалда америкалық София Кенинмен өзара мықтыны анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады