Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

ҚТФ

Алматы, NEGE. Төртінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Даяна Ястремскаяны (WTA рейтингінде 35-орында) 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, тоғыз қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финал жолдамасы үшін Елена украиналық Марта Костюкпен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты