11 июля 2024 г. 12:44

Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Olympic.kz

Теннистен Қазақстан командасының көшбасшысы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ширек финалда Рыбакина украиналық Элина Свитолинаны сенімді түрде жеңді.

Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, 2022 жылы Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінде топ жарған болатын.