Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орын) «Уимблдон» турнирінің үшінші айналымына өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Екінші айналымда ол Грекия өкілі Мария Саккаримен (WTA 77) кездесті.

Бір сағатқа созылған матч Рыбакинаның пайдасына 6:3, 6:1 есебімен аяқталды. Ойын барысында ол алты эйс жасап, үш қос қателікке жіберді. Сондай-ақ, сегіз брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Енді ширек финалға шығу үшін Елена Рыбакина Дания теннисшісі Клара Таусонмен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді