2 июля 2025 г. 11:56
Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін ірі жеңіспен бастады
Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан "Уимблдон-2025" турнирінің екінші айналымына шықты.
Алматы, NEGE. Алғашқы матчта ол әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен сенімді жеңді.
Матч 1 сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жекелей жарыс кестесінде Қазақстан атынан тек Елена Рыбакина ғана қалды. Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Юлия Путинцева бірінші айналымнан аса алмады.