Елена Рыбакина Цинциннатиде жеңіске жетті

Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол екінші айналымда әлемнің 68-ракеткасы, мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:0, 7:5 есебімен жеңді

Рыбакина fлғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, екінші сетте толық үстемдік орнатты. Шешуші партияда қазақстандық спортшы тартысты сәттерде сабыр сақтап, жеңісті жұлып алды да, 1/8 финалға шықты.

Турнирдің жүлде қоры — 5 152 599 доллар. Чемпион 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді. Рыбакина былтыр екінші айналымда канадалық Лейла Фернандеске жол берген еді.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы — Беларусь спортшысы Арина Соболенко.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды