Елена Рыбакина теннистен Канадада өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Әлемнің 12-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жартылай финал үшін өткен кездесуде ол Украина өкілі Марта Костюктан басым түсті.

Есеп 6:1, 2:1 болып Еленаның пайдасына шешілген сәтте, қарсыласы оң қолының жарақаттануына байланысты ойынды жалғастыра алмады.

Осылайша, Рыбакина маусымдағы екінші, ал мансабындағы оныншы рет WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жартылай финалда ол канадалық Виктория Мбокомен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?