Елена Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 турнирінде бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Штутгарттағы WTA-500 турнирінде сынға түседі. Әлемнің 4-ракеткасы алғашқы матчты бүгін өткізеді, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Рыбакина алғашқы айналымда ресейлік теннисші, әлемнің 19-ракеткасы Вероника Кудерметоваға қарсы ойнайды.

Екі ойыншы арасындағы матч 15:30-ға жоспарланған.

Айта кетелік, Рыбакина мен Кудерметова бұған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де қазақстандық спортшы басым болды.

Штутгарттағы турнирдің жүлде қоры 800 мың долларды құрайды.

Қазір оқып жатыр

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?