Елена Рыбакина ресми түрде алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанды

Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) ресми сайты соңғы өткен Индиан-Уэллс турнирінің (АҚШ) қорытындысы бойынша теннисшілердің жаңартылған тізімін жариялады.

ҰОК

Астана, NEGE. Индиан-Уэллсте WTA 1000 санатындағы ірі жарыс аяқталды.

Жекелей сында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға дейін жетті. Осы турнирдегі нәтижесінің арқасында ол тізімде үшінші орыннан екінші орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.

Рыбакинаның алдында тек Беларусь спортшысы Арина Соболенко тұр. Ол осы турнирде чемпион атанды.

Польшалық Ига Швёнтек үшінші орынға ығысты.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева да бір сатыға көтерілді, қазір ол 75-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады