Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Теннистен Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ширек финалда Елена әлемнің 8-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен кездескен болатын.

Тартысты матчта қазақстандық теннисші 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Турнирдің жартылай финалында Елена Рыбакина белоруссиялық Виктория Азаренкомен жолығады.