Елена Рыбакина бұрынғы бапкерінің оралуына қатысты пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде Эмма Радукануды жеңген соң баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің қазіргі жағдайы мен бапкерлік құрамындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Теннисші биыл жаңа бапкермен жұмыс істеуге тырысқанымен, алғашқы нәтижелер көңіл көншітпегенін айтты.

Алайда қазіргі уақытта жағдай оңалып, командамен біртіндеп үйлесім табылып жатқанын атап өтті.

"Қазір бәрі әлдеқайда жақсы, ешқандай проблема жоқ, соған өте қуаныштымын. Турнирлер арасында уақыт аз болғанымен, жалпы жұмыстың барысына көңілім толады. Стефаноның бапкерлік боксқа оралуы көп көмек береді. Команданың толық қолдауы өте маңызды. Бізде ешқашан проблема болған жоқ", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, хорватиялық бапкер Стефано Вукич 2025 жылдың басында спортшыға дөрекі қарым-қатынас жасады деген айыппен уақытша шеттетілген болатын.

Алайда тамыз айында WTA ұйымы апелляция нәтижесінде оның дисквалификациясын алып тастады.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған