Елена Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Фото: ғаламтордан

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездесіп, соның үшеуінде Елена Рыбакина жеңіске жеткен.

Мертенс оңай шағылатын жаңғақ емес, спорттық жолында үш рет жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі теннисші болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қос брейк жасаған Рыбакина айқын басымдық танытты — 6:1. Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады — 2:0. Тағы бір брейк — 3:0. Ақыры матч нүктесін өзі доп бергенде қойды — 6:0.

Елена Рыбакина доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингіде 28-сатыдағы Анастасия Потаповамен (Ресей) таласады.

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты