Елена Рыбакина Брисбен турнирінің жеңімпазы болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Kazinform.

ktf.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші финалда өзінің басты қарсыластарының бірі, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Елена бет қаратпады — 6:0.

Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді — 6:3.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша Елена Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы жарысында чемпион атанды.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?