Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурнда өтіп жатқан Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Үшінші айналымда қазақстандық теннисші әлемнің 33-ракеткасы, украиналық Даяна Ястремскаямен кездесті.

Бірінші сетте Рыбакина денсаулығына байланысты медициналық көмек алғанымен, кейін ойынға қайта оралып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Ястремская біраз уақыт алға шықса да, Рыбакина 6:4 есебімен жеңіп, матчты өз пайдасына шешті.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды. Рыбакина 2 эйс пен 11 брейк-пойнттың 3-ін пайдаланды. Ал Ястремская 5 эйс жасап, 1 брейкпен 4 брейк-пойнт пайдаланды.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін америкалық теннисшілер Даниэль Коллинз немесе Мэдисон Киздің арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Қазіргі уақытта Рыбакина WTA Live рейтингісінде бесінші орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды