Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өткен Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.

instagram.com/rybaqueena

Алматы, NEGE. Финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) кездесті.

Алғашқы сет Рыбакинаның пайдасына аяқталды – 6:4. Екінші кезеңде дәл осы есеппен қарсыласы басым түсті. Шешуші сетте қазақстандық спортшы тағы да басым түсіп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды. Бұл – оның мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші жеңісі. 2022 жылы отандасымыз Уимблдон турнирінде топ жарған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады.

«Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!» – делінген құттықтауда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді