Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, WTA рейтингінде бірінші орынға көтеріледі.

@lenarybakina/Instagram

Астана, NEGE. Ширек финалда ол Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Осы жеңістен кейін Рыбакинаның жинаған ұпайы әлемдік рейтингте көш бастауына жеткілікті болды. Енді оның бірінші орынға шығуы басқа теннисшілердің нәтижесіне тәуелді емес.

Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орын алған Қазақстанның алғашқы теннисшісі атанады.

Жаңартылған рейтинг US Open аяқталғаннан кейін жарияланады.