Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік алтылыққа енді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті. 

ҰОК

Алматы, NEGE. Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, жылдың қорытынды турниріне жолдама алған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-ден 6-орынға көтерілді.

Чемпиондық кестеде үздік сегіз теннисшінің қатарынан көрінген қазақстандық теннисші 1-8 қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін қорытынды турнирде өнер көрсетеді.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 76-дан 75-ке ауысты.

Зарина Дияс 300-інші, Жібек Құламбаева 337-сатыда тұр.

Әлемдік рейтингіде бұрынғыша белоруссиялық Арина Соболенко көш бастаса, Польша өкілі Ига Швентек екінші, америкалық Кори Гауфф үшінші орында.

Жұптық сында Токио жарысының финалында ойнаған Анна Данилина 13-орнын сақтаса, Ю.Путинцева 103-тен 104-ке, Ж.Құламбаева 131-ден 134-ке төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

«Қасиет» клиникасы депутат Ербол Айтуовтың өліміне қатысты пікір білдірді