Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) топ жарды. Финалда ол турнирдің былтырғы чемпионы Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңді.

Instagram/@usopen

Астана, NEGE. Осылайша Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы үшінші титулын жеңіп алды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, ал биыл Аустралияның ашық чемпионатында жеңіске жеткен еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіні тарихи жеңісімен құттықтады.

«Бұл – сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге», – деді Президент.

Бұл жеңісі үшін қазақстандық спортшы 5,5 миллион доллар көлемінде сыйақы алады. Бұл – теннис тарихындағы ең ірі жүлде. Ал дүйсенбіден бастап Рыбакина WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.