Электросамокаттан құлаған ресейлік шенеунік комаға түсті

Ресейдің Кисловод қаласының мэрі Александр Курбатов электросамокатын теуіп жүрген жерінен құлап, ес-түссіз күйге түсті, деп хабарлады РИА Новости.

Алматы, NEGE. Сенбі күні Ставрополь қаласының губернаторы Владимир Владимиров шенеуніктің электросамокаттан абайсызда құлап, қатты жарақат алғанын айтты.

«Дәрігерлер оған ота жасады, қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр», – делінген Кисловод әкімшілігінің Instagram парақшасында.

Соңғы уақытта электр скутерлерін жүргізетін адамдарға қатысты тіркелген оқиғалар саны айтарлықтай өскен. Осыған байланысты бұл көліктің жылдамдығын шектеу мәселесі талқылануда. Тіпті оларды мемлекеттік нөмірлермен жабдықтап, жол ережелеріне енгізуді ұсынылды.

Қазір электр скутерлерін мас күйде жүргізуге, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға пайдалануға тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті