Электронды еңбек биржасында 1 миллионға жуық бос жұмыс орны ұсынылған
Өткен жылы электронды еңбек биржасында 925 мың бос жұмыс орны орналастырылды, бұл 2019 жылғы (831 мың) көрсеткіштен 11% артық. Бұл ретте өткен жылы білікті қызметкерлерге арналған 600 мың бос жұмыс орны болды. 2019 жылы білікті еңбекке деген қажеттілік 590 мыңды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.