Электронды темекі тартқан жасөспірім реанимацияға түсті

Санкт-Петербургте электрондық темекі пайдаланған тоғызыншы сынып оқушысы жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Fontanka.ru басылымы жазды.

SHUTTERSTOCK

Алматы, NEGE. Басылымның хабарлауынша, 9-сынып оқушысын ата-анасы бөлмесінен тауып алған. Қыз есінен танған жерде жанында электронды темекі болған. Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырған.

Белгісіз затпен уланған қыз ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Басылымның айтуынша, жасөспірімнің денсаулығының күрт нашарлауына электронды темекі кінәлі болуы мүмкін.