Электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беріледі

2021 жыл 1 қазан айынан бастап Өзбекстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі.

Алматы, NEGE. «Өзбекстан Республикасында электр қуатымен жүретін автокөлік құралдарын пайдалануды дамытуға және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы процедураларды жеңілдету шаралары туралы» қаулы қабылданды. Қаулыға сай, электр қозғалтқышының қуаты 4 киловатт болатын сағатына 40 шақырым және одан да жылдам жүретін көлік құралдарына арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі. Электр қуатымен жүретін автокөліктерге берілетін нөмірдің басты айырмашылығы - аймақ коды жасыл фонда көрсетіледі. Осы сынды нөмірлерді алу 1 қарашаға дейін тегін қол жетімді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды