Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz сайты.

Алматы, NEGE. 60 келі салмақта сынға түскен Елдос қола үшін жекпе-жекте Нидерланд өкілі Торние Цакаджоені жеңді.

Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы Токио Олимпиадасының қола медалін иеленді.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты