Елдос Сметов – қола жүлдегер

Дзюдошы Елдос Сметов «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Қазақстанның дзюдо федерациясы

.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Елдос Сметов бастаған 16 дзюдошы Париждегі Grand Slam жарысында бақ сынайтыны мәлім болған. «Дзюдошы Елдос Сметов осы бәсекеде қола жүлдегер атанды», делінген федерацияның Facebook-тегі парақшасында. Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартувшинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берді. Қазақстандық дзюдошы жарыстың қола жүлдесі үшін оңтүстік кореялық Ким Вон Джуинмен кездесті.

Аталған жарыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келі, әйелдер 48, 52, 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады