Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды

Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік-2024» сыйлығы табысталды. 20 аталым бойынша жеңімпаздарға арнайы мүсінше, диплом мен 1 млн теңге сыйлық берілді.

ҰОК

Алматы, NEGE. «Үздік-2024» сыйлығы тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлерін, федерацияны қамтиды. Жылдың қорытынды шарасында үздік жаттықтырушылар, спортты дамытуға үлес қосқан меценаттар да құрметке ие болды.

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов мен Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярёв «Жылдың үздік спортшысы» атанды.

«Спорттағы үздік серпін» аталымы Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке бұйырды.

Ал жылдың үздік жаттықтырушысы аталымымен Е.Сметовтің бапкері Ғалымжан Жылгелдиев пен Д.Дегтярёвтың бапкері Юрий Колесников мапаратталды.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді