Желіде Елдос Сметов пен жаттықтырушысының тойдағы биі тарады

Таразда Елдос Сметовтың Олимпиададағы тарихи жеңісінің құрметіне той болды. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Жамбыл облысы Елдос Сметовтың Парижден басты жүлдемен келуіне орай «Тараз» орталық стадионында гала-концерт ұйымдастырды. Халық кеше елге оралған спортшының аяғын жерге тигізбей қошемет көрсетіп жатыр. Жамбыл облысының әкімі Елдосқа Тараз қаласындағы бес бөлмелі пәтер мен Lexus LX600 автокөлігінің кілтін өзі табыс етті. Ғалымжан Жылгелдиев те назардан тыс қалмады – оған Hyundai Santa Fe көлігі мен екі бөлмелі пәтер берілді.

Спортшының құрметіне Таразда үлкен той өтті. Әлеуметтік желіде Сметов пен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевтің тойда билеген биінің видеосы тарап, бірнеше минуттың ішінде көп қаралым жинап үлгерді.  

Желі қолданушылар чемпионды қолдап, ол осы марапаттардың барлығына лайық деген пікірлерін білдірді.

@koremiz_kz #казакстан🇰🇿 #елдоссметов #спорт ♬ оригинальный звук - 🤠

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен